Жарияланған күні: 18.08.2015 12:28
Өзгертілген күні: 09.09.2015 17:54

Астанада, күзен пальтосымен айналысқан контрабанда әшкереленді

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық қылмыстарды тергеу саласының қызметкерлерінің жедел-іздестіру барысында 2015 жылы 16 тамызды Астана халықаралық әуежайында Қытайдан Елордамызға 324 дана күзен пальтосын сатумен айналысқан контрабандалық іс-әрекет әшкереленді.

Пекин-Астана ұшағы К - 228 рейсі келгеннен кейін сағат 07:00 шамасында кедендік төлемдері өтелмеген 20 сөмке жүгi бар Н. азамат әуежай маңында ұсталды.

Сөмкелердегі жүктер Қытайда жасалған күзен пальтосы болып шықты, тәркіленген жүктің нарықтық құны 350,000 АҚШ долларына бағалануда.

Астана қаласының аумағында аң өнімдерінің конрабандалық жолмен әкелуіне байланысты мемлекеттік кірістер департаменті 16.08.2015ж. сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі №157100121000687 нөмерлі ҚР ҚК 234 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта, аталған оқиға бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.