Жарияланған күні: 04.09.2015 16:53
Өзгертілген күні: 09.09.2015 17:51

Елордада 3000-нан аса мүлік заңдастырылды

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат ықтиярхаты бар тұлғалар мен оралмандардың, олардың мүлікті заңдастыруымен байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына қол қойылып, экономикалық айналымда жоқ мүліктерді заңдастыру рәсімдері бастау алғанын жариялаған болатын. Қазірге дейін Астана қаласының Әкімдігіне мүлікті заңдастыру туралы өтініштер түсіп жатыр.

Осы күнге дейін Астанада жалпы сомасы 12 867 188 мың теңгені құрайтын 3024 нысан заңдастырылды.

2015 жылдың 03 қыркүйегіндегі есеп бойынша ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру туралы Астана қ. Жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияға жалпы сомасы  51 518 387 мың теңгені құрайтын мүлікті заңдастыру бойынша 3369 өтініш келіп түскен: 29 983 604 мың теңгенің 4268 тұрғын үй нысаны; 21 076 835 мың теңгенің 4638 тұрғын емес нысаны, соның ішінде, 15 816 122,30  мың теңге сомасындағы 521 коммерциялық нысан; 457 949 мың теңге сомасындағы 5 заңды тұлғаға қатысу үлесі заңдастырылды. 

Шетелдегі мүлікті заңдастыруға қатысты Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне бірде бір өтініш түспеді.

Мүлік пен капиталды жария ету науқаны ел азаматтары үшін де, Қазақстан экономикасы үшін де тиімді. Жария етудің маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақшаны заңдастыру табыс болып саналмайтындықтан одан салық алынбайды. Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қаражатын заңдастыру құқығын пайдаланған азаматтар заңдастыратын ақшасының 10 пайызын үнемдеп қалуға мүмкіндік алады.

Баспасөз хатшысы,

Айнара Джуганисова, 39-31-95; 8702 444 1 333