Жарияланған күні: 17.05.2019 17:44
Өзгертілген күні: 17.05.2019 17:45
Бүгін, 2019 жылғы 17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" акциясының бірінші жеңімпаздары марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласының 2 тұрғыны Ахметжанов Магбут Қуанышбекұлы мен Нұрмұханова Гүлнар Сабырқызы iPhone 7 смартфондарының иегері атанды.
Департамент басшысы Құлмұханбет Мырзахметұлы Исақов акция туралы айтып, жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтады.
Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ директоры Қарымсақов Дәурен Жанатұлы жеңімпаздарды құттықтап, салтанатты түрде сыйлықтарды табыс етті.
Акция жеңімпаздары ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі үшін өз алғыстарын білдірді.