Жарияланған күні: 15.04.2019 11:04
Өзгертілген күні: 15.04.2019 11:06
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығын мәлімет үшін жолдаймыз.
2019 жыл ішінде тоқсандық негізінде онлайн - БКМ 633 қызметтер түрі өтеді.
2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (осы сілтеме арқылы қызмет түрлерін көре аласыз);
2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (осы сілтеме арқылы қызмет түрлерін көре аласыз);
2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі (осы сілтеме арқылы қызмет түрлерін көре аласыз).
Осылайша, 2019 жылдың ішінде онлайн – БКМ қолдануға өту толығымен жүзеге асырылады.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.
Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.
БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.
ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:
1) жеке тұлғалар
2) адвокаттар мен медиаторлар
3) қызметін:
патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;  
бірыңғай жер салығын төлеуге негізделген арнаулы салық режимі бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін
4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.