Жарияланған күні: 26.12.2018 09:11
Өзгертілген күні: 26.12.2018 09:12
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық Кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сарыарқа аудандық кірістер басқарма қызметкерлері «Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер» атты тақырыбында Коктал базарында жалға алушылар арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қатысушылар саны 100-ге жуық жеке кәсіпкерлерге таң болды.
Жалға алушылар тарапынан келесі сұрақтар қойылды.
- Патент негізінде жұмыс істеп жатқан Жеке кәсіпкерлер, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне кай аралықтан бастап өтеді.
- базарда жұмыс істеп жатқан жалға алушылар онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануда қыс мезгілінде  қатып калуына арызданып жатыр.
Жеке кәсіпкерлердің  сұрақтарына Басқарма қызметкерлерінің тарапынан толықтай  ақпарат берілді.