Жарияланған күні: 14.11.2018 17:58
Өзгертілген күні: 14.11.2018 18:19
2018 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу» бойынша 2018 жылдың 16 тамызындағы №758 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығы; «Қолма-қол ақшаны есепке алу және беру функциялары бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын қызмет түрлерін бекіту туралы» 2018 жылдың 16 ақпанындағы №206 бұйрығы күшіне енгізілді (келесіде –бұйрық).
Осыған орай Сарыарқа аудандық кірістер басқармасы атынан Молдажан Дархан Ғарифоллаұлы, Күздеубаев Жарболсын Алмасбекұлы «Онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілер» атты тақырыбында Сарыарқа аудандық кірістер басқармасына қарасты базарларда, сауда үйлерінде кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
     Осы бұйрық қызмет түрін жүзеге асыру кезінде онлайн-бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілер үшін  қосымша 17 қызмет түрлерін қарастырады.
2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн-бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушілердің жүзеге асыратын қызмет түрлері
  1. Көлік және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
  2. Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  3. Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды көтерме сату;
  4. Көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды бөлшектеп сату;
  5. Сусындарды көтерме сату;
  6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме сату;
  7. Тігін бұйымдарын сату;
  8. Кронштейн –өнімдері, бояулар және шыны материалдарымен сауда;
  9. Киімдермен сауда;
  10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшектеп сату;
  11. Сағат және әшекей бұйымдармен сауда;
  12. Ломбард қызметі;
  13. Жылжымайтын мүліктермен операция бойынша агенттік қызметі;
  14. Келісімшарт негізінде және сыйақы үшін жылжымайтын мүлікті басқару;
  15. Жарнама агенттіктерінің қызметі;
  16. Құмар ойындарды және ставка қоюды ұйымдастыру бойынша қызмет;
  17. Уәкілетті мекемелермен жүзеге асырылатын шетел валюталарын қолма-қол айырбастау операциясын ұйымдастыру бойынша қызмет.
Семинардан кейін салық төлеушілерден пайда болған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, талқылаулар жүргізілді.
Семинар аясындағы қосымша сұрақтар бойынша 8(7172)77-31-47, 8(7172)77-31-93 телефондарына хабарласыңыздар немесе Республика даңғылы 52, 218, 219 кабинеттерінен кеңес алуларыңызға болады.
     Осыған байланысты, жоғары көрсетілген қызмет түрлерін қолданатын салық төлеушілер 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн деректер беретін бақылау-касса машинасын қолдануға міндетті екенін қайталаймыз.