Жарияланған күні: 12.12.2018 09:41
Өзгертілген күні: 12.12.2018 09:43
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндет түрде қолданатын қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылғанын хабарлайды.
Сондықтан, 2018жылдың 1-ші қазанынан бастап салық төлеушілер келесі қызмет түрлерін жүзеге асырғанда онлайн БКМ міндетті түрде қолдану керек:
  1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
  2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу;
  3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату;
  4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату;
  5. Сусындарды көтерме саудада сату;
  6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату;
  7. Тоқыма бұйымдарын сату;
  8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату;
  9. Киімдерді сату;
  10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату;
  11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату;
  12. Ломбард қызметі;
  13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі;
  14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
  15. Жарнама агенттіктерінің қызметі;
  16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;
  17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі.