Жарияланған күні: 30.11.2019 11:24
Өзгертілген күні: 30.11.2019 11:25
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД 31.12.2019 жылы кәсіпкерлердің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде Онлайн режимінде қолдануға көшу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.
Осылайша, өз қызметінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлер, соның ішінде төлем карталары арқылы салық режимінің түріне қарамастан, 31.12.2019 жылға дейін онлайн БКМ сатып алу және тіркеу қажет.
Бұл ретте, салық төлеушілер үшін онлайн БКМ енгізу кезінде БКМ онлайн тіркеу рәсімі енгізілді, ол тек бір күнді алады.
Сонымен қатар, патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілер үшін онлайн БКМ сатып алу кезінде төленетін салық сомасы 60 мың теңгеден аспайтын сомаға азайтылады. Алайда, бұл преференциялар кәсіпкерлердің 2019 жылы ғана БКМ онлайн сатып алуына қатысты.
 
Сонымен қатар, 01.01.2020 жылдан бастап бақылау-кассалық тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту ретінде айыппұл төлеу түрінде ҚР ӘҚК-не өзгерістер күшіне енеді.
 
Нұр - Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті