Жарияланған күні: 21.02.2024 10:34
Өзгертілген күні: 21.02.2024 10:35
Әрекет етпейтін салық төлеушілерге әрекет етпейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады. Ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін: 1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны; 2) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны; 3) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны ұсынбаған резидент-заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекет етпейтін заңды тұлға болып танылады. Ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін: 1) жеке табыс салығы бойынша декларацияны; 2) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны; 3) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны; 4) соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекет етпейтін дара кәсіпкер болып танылады.