Жарияланған күні: 14.11.2023 15:22
Өзгертілген күні: 14.11.2023 15:28

Салық кезеңі үшін табыс етпеген әрекетсіз заңды тұлға:

-корпоративтік табыс салығы бойынша декларация;

-ойын бизнесі салығы, тіркелген салық бойынша декларация;

-екі салық кезеңі ішінде мұндай декларация табыс етілмеген жағдайда оңайлатылған декларация.



Дара кәсіпкер салық кезеңінде:

-жеке табыс салығы бойынша декларация;

-ойын бизнесі бойынша салық декларациясы;

-мұндай декларация ұсынылмаған жағдайда оңайлатылған декларацияны;

-соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі жыл ішінде патенттің құнын есептеу.



Салық органдары жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей салық төлеушілерді әрекетсіз деп тану туралы ұйғарым шығарады.



Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер салық органының 5 жұмыс күні ішінде қабылдаған бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.



Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі 1 жұмыс күнде уәкілетті органның интернет-ресурсынан алынып тасталады.