Жарияланған күні: 21.12.2018 09:46
Өзгертілген күні: 21.12.2018 09:47
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдарына салық төлеу мерзімінің аяқталуына, күнтізбелік жылдың аяқталуына байланысты, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары 2018 ж. желтоқсанның 22 (сенбі) – сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, халықтың ыңғайлылығы үшін Астана қаласының Алматы және Сарыарқа аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында осы күні "Қазпошта" бөлімшелері жұмыс істейтін болады.