Жарияланған күні: 18.05.2018 18:05
Өзгертілген күні: 18.05.2018 18:05
2018 жылдың 16 мамырында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ қызметкерлерінің кездесуі өтті.
Департамент қызметкерлері «Казақстан Республикасының резиденттігін растау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі бойынша тәжірибе алмасты.
Еске салсақ, Салық кодексінің 646-бабына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салымдары бойынша сыйақылары 15 пайыз мөлшерлемесінде төлем көзінен салық салуға жатады. Сондықтан, резиденттікті растайтын құжат алған жағдайда салық төлеуші салықтан босатылатын болғандықтан ағымдағы жылы салық органына жүгінушілер саны артуда, 
Негізсіз қабылдамау болмау үшін және қызметті сапалы әрі уақытында көрсету мақсатында салықшылар Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне сертификат алу үшін тапсырылатын арыздарды толтыру тәртібін түсіндірді.