Жарияланған күні: 01.03.2024 18:07
Өзгертілген күні: 01.03.2024 18:09

Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындауды өз бетінше жүзеге асырады. 2. Салық төлеуші салықтық міндеттемені орындау үшін мынадай әрекеттер жасайды: 1) салық органында тіркеу есебіне тұрады; 2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді; 3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салықтық база мен салықтық мөлшерлемелерді негізге ала отырып, салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді; 4) салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына ұсынады; 5) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.