Жарияланған күні: 05.02.2024 16:51
Өзгертілген күні: 05.02.2024 16:54

SalyqBot көмегімен Сізде:

 

салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;

салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;

көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;

өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push – хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.