Жарияланған күні: 14.12.2021 09:41
Өзгертілген күні: 14.12.2021 09:44

Құрметті «Салық төлеушінің кеңсесі» веб-қосымшасы және Салық төлеушілерге арналған СЕӨС клиенттік қосымшасы пайдаланушылары!

ҚР ҚМ МКК СЕӨС АЖ және «Салық төлеушінің кеңсесі» веб-қосымшасын  жаңартуға байланысты 2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 22.00-ке дейінгі уақыт аралығында жүйелер қолжетімді болмайтынын назарларыңызға салады.

Бұл жаңарту келесі өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:

  • Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті аудару (СЕН 328.00), Сен тізімін микросервистік архитектураға баптау.

  • 328.00 СЕН-де ФЛК қателері болған жағдайда автоматты түрде дәлелді бас тартуды пысықтау.

  • Егер бұрын ұсынылған өтініш бойынша дәлелді бас тарту қалыптастырылса, 328.00 СЕН үшін белгіленген "бұрын ұсынылғанның орнына" белгісімен сальдо алуға сұрау салуды жіберу бөлігінде СЕН 328.00 өңдеуді пысықтау.

  • Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны іске асыру (СЕН 270.00).

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!