Жарияланған күні: 22.11.2019 10:27
Өзгертілген күні: 22.11.2019 11:04
Елорданың көшелерінде «Сергектің» көмегімен жеке тұлғалардың салықтық қарызын өндіріп алу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД) жол полициясы қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірге бірлескен рейдтері жалғасуда.
Мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдары салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды жолдау бойынша өзара іс-қимылы екінші жыл жалғасуда.
Елордадағы борышкерлер саны 2019 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша
1 219 млн.теңге сомасында 32 733 адамды құрады.
Бірлескен рейдтің нәтижелері бойынша, ағымдағы жылдың 4 мен 14 қараша аралығында жеке тұлғаларға салық қарызын өтеу туралы 30 хабарлама жіберілді, 1 жеке тұлғамен салық қарызы төленді, сонымен қатар жалпы қарыз сомасы
2,1 млн.теңге құрайтын «Range Rover» маркалы 2 автокөлік тұраққа орналастырылды.
Рейдтер 2019 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Жедел-алдын алу шаралары аясында борышкерлерге салық берешегін өтеу туралы хабарламалар жолданып, жеке сот орындаушылары шығарған атқарушылық іс жүргізу туралы қаулыларға сәйкес борышкердің автокөлігін (автотұрақты) пайдалануды шектеу шаралары қабылдануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД-нің порталында 2019 жылдың 3 қарашаның жағдайына жергілікті салықтар (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы) бойынша 1 млн.теңгеден асатын салық берешегі бар борышкерлердің тізімі орналастырылды. Бұл тізім салық төлеушілердің өздеріне ыңғайлы болу үшін жарияланған сайт арқылы астананың әр тұрғыны өзінің ЖСН немесе атын көрсетіп, өзінің салықтық қарызын білуге бірнеше секунд жұмсайды.
Осыған байланысты, біз берешегі бар тұлғалардың назарына, мәжбүрлеу шараларын қабылдауды күтпестен, оны тез арада төлеуді ұсынамыз.
Салық қарызының сомасы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында kgd.gov.kz «Электрондық қызметтер»/«Салық қарызының болмауы (болуы) туралы ақпарат» бөлімінен алуға болады.
Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қабылданған қаулылар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің adilet.gov.kz порталында орналастырылған.