Жарияланған күні: 20.11.2019 16:35
Өзгертілген күні: 20.11.2019 16:37
ҚР Тұнғыш Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде  Елбасының шағын және орта бизнеске салықтың негізгі сомасын төлеген кезде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін салықтық рақымшылық жүргізілуде.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 57-3-бабымен бекітілген, салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан мерзімінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған бересі сомасын төлеген жағдайда, салық берешегі деп танылмайды және бюджетке енгізілмейді, сонымен қатар уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен есептен шығаруға жатады:
1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;   
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын.
Сондай-ақ,  2018 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша, оңалту рәсімін қолданатын және салықтар мен алымдарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу жоспарын ұсынған салық төлеушілердің негізгі соманы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдары шегеріледі.
Семинарлар барысында салықтық амнистияға жататын салық төлеушілердің  шеңберін кеңейту бойынша салық төлеушілерден келіп түскен көптеген өтініштер болды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өтініштерді қарастырып, салықтық амнистияға жататын адамдардың шеңберін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (бұдан әрі – Жеке шоттарды жүргізу қағидалары), 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі, өсімпұл және айыппұл сомаларын айқындау тәртібі көзделген, Заңның 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында толықтырулар енгізілген.
- 2018 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша берешегі жоқ салық төлеушілерге акт бойынша есептелген сомалар шағым беру сатысында болғандықтан;
- тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындау мерзімі келмегендіктен 2018жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша берешегі жоқ салық төлеушілер үшін.
- алдыңғы салық кезендері үшін қосымша салық есептілігі нысандарын ұсынуға байланысты,  берешегі 2018 жылдың 1 қазанынан кейін пайда болған  салық төлеушілерге;
Сонымен қатар, жеке шоттарды жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2018 жылғы 1 қазаннан кейін, төлеу мерзімі 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі  салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін ұсынған салық төлеушілерге салықтық амнистия қолданылады.
Назар аударыңыздар, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейінгі қосымша салық есептілігі бойынша есептелген айыппұлдар төленбеген жағдайда ғана есептен шығарылады. Демек, қосымша декларациялар бойынша есептелген және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін төленген өсімпұлдар есептен шығаруға жатпайды.
Жеке шоттарды түгендеу, салық төлеушілерді таңдау ұшін салық төлеушінің жеке шоттары орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органымен берешек сомасын төлеу кезінде жеке шоттан айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін Комиссиялар құрылды. Жеке шоттарды түгендеуді Комиссия құрылған күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізеді.
Салық амнистиясына, жер асты сулары мен емдік балшық алу құқығына ие болған жер қойнауын пайдаланушыларды  қоспағанда, ірі салық төлеушілер, акцизделетін тауарларды өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар қадағалайтын салық төлеушілер кірмейді.
Салықтық рақымшылық жасау аясында, осы жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 4600 шағын және орта бизнес шамамен 2,5 млрд.теңге көлемінде салықтар мен бюджетке басқада төлемдер төледі, 0,85 млрд.теңге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылды.
Салық амнистиясының аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл белгілі бір шарттарды ескере отырып, ауыртпалықты алып тастауға және қызметті қайта жандандыруға жақсы мүмкіндік екенін атап өткім келеді.
Шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасаудың шарты- салық төлеуші, 2019 жылдың соныңа дейін, 2018 жылдың 1 қазанына жағдайы бойынша көрсетілген берешек сомасын төлеу керек.