Жарияланған күні: 23.12.2016 12:14
Өзгертілген күні: 23.12.2016 12:15

2015жылдың 24 қарашасында № 421-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен ҚР Салық кодексі «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым» 68-2-тараумен толықтырылды. Толықтырулар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте, Салық кодексі 55-бабының 2-тармағына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

Сонымен қатар, тиісті өзгерістерінің бюджеттік заңнамасына енгізілмегенің еске алып, алымды уақытша «Жергілікті бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері» 107110 бюджеттік сыныптама кодына төлеу қажет.