Жарияланған күні: 30.10.2019 17:33
Өзгертілген күні: 30.10.2019 17:36
Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан әрі-Салық Кодексі) 386 бабы бойынша Салық Кодекстін 394 бабына сәйкес көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.
 Мыналар тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады:
1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар: магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы; уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;
5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – оның құнын растауы;
6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;
7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.