Жарияланған күні: 30.10.2019 16:15
Өзгертілген күні: 30.10.2019 16:16
Кедендік тексеруді кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
Кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлғаның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен   (бұдан әрі-Кодекс) реттеледі.
1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде құқылы:
1) кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының сақталуын растайтын оның иелігіндегі барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
4) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарынан көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерді көрсетуді талап етуге;
5) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде қатысуға және көшпелі кедендік тексерудің нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) Кодекстің 418-бабының 20-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге;
7) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
1) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды осындай тауарларды көрсету мүмкіндігі болған кезде көрсетуге;
2) кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімде құжаттар мен мәліметтерді қағаз тасығышта, ал қажет болған жағдайда өзге де тасығышта ұсынуға;
3) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына және осындай тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарға тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын беруге;
4) егер кедендік тексеру мақсатында қажетті құжаттама қазақ және орыс тілдерінен өзге тілде жасалған жағдайда кедендік тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын табыс етуге міндетті;
5) кедендік тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға жауапты тұлғалар тобын көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқама ұсынылған күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей айқындауға;
6) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде түгендеуді жүргізуді қамтамасыз ету;
7) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамдары кедендік сараптама тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша тексерілетін тұлға қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге, сондай-ақ анықтамалар мен есеп айырысуларды ұсынуға;
9) көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың түпнұсқасына қол қою;
10) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарға (ақпаратқа) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
11) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) тексерілетін тауарларға қатысты бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері бар ақпараттық жүйенің деректерін электрондық тасығышта және (немесе) қағаз тасығышта қарауға қол жеткізуді және (немесе) ұсынуды қамтамасыз етуге;
12) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.