Жарияланған күні: 22.11.2019 18:29
Өзгертілген күні: 22.11.2019 18:31
2019 жылдың 1 қаңтарынан кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар  жасау мақсатында тексерістің жаңа нормада стандартты файлы енгізілді. Салық аудитін жүргізу салық төлеуші аудитінің стандарттық файлын (SAF-T) қамтамасыз ету негізін қарастыратын  ақпараттық жүйе Е-аудит (электронды аудит) енгізілуде.
Тексерудің стандартты файлы салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы талдауды жүзеге асыруға мүмкіндің беретін, салық төлеушінің электронды форматтағы бухгалтерлік есепке алу деректерін білдіреді. Салық төлеуші тексерудің стандартты файлын салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осындай файлды салық органдарның ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ерікте түрде ұсынады. Тексеруші берілген файлмен танысып, одан әрі нақты операцияларға назар аудару арқылы тексерістің жүргізілетін уақытын қысқартып, салық төлеушімен байланысты азайтады.
Стандартты файлдың формасы 2018 жылдың 19 желтоқсанында №1092 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген жаңа енгізулер мен өзгерістер салық тексерістер санының қысқартылуына, салық дауларының азаюына және бизнес шығындарының төмендеуіне бағытталған.