Жарияланған күні: 04.11.2019 11:14
Өзгертілген күні: 04.11.2019 11:16
Салық кодексінің 695 бабына сәйкес, таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұстап қалатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
Салық Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгiленген мөлшерлеменің және Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі,
минус
Салық Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
минус
Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен салық кезеңінде ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасы,
минус
сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтiк табыс салығының Кодекстің 302-бабының 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған сомасы,
минус
салықтық кезеңде сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын сомасы.
2. Төлем көзiнен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын жеке табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
       Салық Кодекстiң 320-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған,  Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу осы баптың 1-тармағында декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.