Жарияланған күні: 26.11.2019 20:07
Өзгертілген күні: 26.11.2019 20:08
Бизнес-процесске қатысушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік формальділіктерге уақытын қысқарту мақсатында, кедендік транзит ресімін аяқтау ағымдағы тәртібіне өзгертулер енгізілді.
Осылайша, тауарлардың келуі туралы хабарламаны тіркеу тікелей кедендік бақылау аймағында (уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, кедендік және еркін қоймалар, уақытша сақтаудың басқа да орындары) жүзеге асырылады. Аталған шара сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кедендік формальділіктерге уақытын 1-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тауарларды уақытша сақтаудың мерзімдерін максималды түрде анықтау туралы өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартының 101-бабында белгіленген. Бұл бап бойынша әрі қарай ұзарту қажетінсіз уақытша сақтаудың шекті мерзімі 4 айды құрайды, ал халықаралық пошта жөнелтілімдері мен сұрауы жоқ жүктер үшін 6 айды құрайды. Аталған жобаның бекітілуі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың формальділіктерге жұмсайтын уақытын 48 сағатқа дейін қысқартуга мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiне бизнес процесстерді оңтайландыруға бағытталған кейбір өзгертулер енгізілді. Осылайша, уақытша сақтау қоймалары иелері тізіліміне және кедендік қоймалары иелері тізіліміне енгізу шарттары бойынша, соңғыларының электронды шот-фактура ақпараттық жүйесін қолдану туралы келісім-шарты бар болса, электронды шот-фактура жазып беруге міндетті.
 
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті