Жарияланған күні: 04.11.2019 11:31
Өзгертілген күні: 04.11.2019 11:32
Мыналар мүлік салығын төлеушілері болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;
4) осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі қаражат, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
2) халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есепке алынатын тұрғынжайды сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, осындай ғимараттардың бөліктері;
3) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
4) осы Кодекстiң260-бабындакөрсетілгенактивтер;
5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiндегі мүлiкке өндiрiп алу нәтижесiнде меншiкке өткен техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;
6) осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.
Мыналар салық салу объектілері болып табылмайды:
1) осы Кодекстiң 500 және 501-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
Бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жолтарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгi нарттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
субұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
4) 518-баптың 6-тармағында және осы баптың 1-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;
6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алған ғимараттар, құрылыстар;
7) салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары осы Кодекстің 532-бабына сәйкес жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғын жайлары мен басқа да объектiлері;
8) концессия объектiлерінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 000 000 еселенген мөлшеріне насып кеткен жағдайда, оларға иелі кету, пайдалану құқықтары қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша берілген концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар.
Мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мына төлеушілер есептейді:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар.
3. Төменде көрсетілген заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi және осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің
289-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
7) тиісті объект бойынша салықтық міндеттеме туындаған салықтық кезеңді қоса алғанда, бес салықтық кезең ішіндегі салық салу объектілері бойынша – егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, арнайы экономикалық аймақтарды басқарушы компаниялар;
8) тиісті объект бойынша салықтық міндеттеме туындаған салықтық кезеңді қоса алғанда, он салықтық кезеңнің ішіндегі салық салу объектілері бойынша – «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компания;
9) Астана және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер.
 
АЛЫМДАР
 
Салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында салықтар мемлекеттік бюджеттің реттеуші көздері болып табылады (олар үшін шегерімдер сомасы келесі жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі), түсімдер көзі болып табылатын алымдар, алымдар мен кедендік төлемдер республикалық және жергілікті бюджеттер.
Алымдарға мыналар кіреді:
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуі үшін алым;
- электрондық жабдықтар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- автомобильдер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- теңіз, өзен және шағын кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
- көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуі үшін алым;
- аукциондардан жинау;
- мемлекеттік баж салығы;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым;
- телерадио ұйымдарының радио жиілік спектрін пайдалануға рұқсат беруі үшін алым.