ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылғанын хабарлайды. Чат жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беру үшін құрылды. Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады.
Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky
Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталықтар бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.
Мемлекеттік кірістер басқармаларының мекенжайлары мен телефондары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/otvetstv_dgd_po_oblasti_dlya_razm.xlsx) және Telegram чатта орналастырылған.
- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы