Жарияланған күні: 04.11.2019 11:59
Өзгертілген күні: 04.11.2019 12:03
1. Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда көліктің әуетүрімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда): темекі және темекі бұйымдарын қосаалғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) құны 10 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг-нанаспайды 200 сигарет, немесе 50 сигар (сигарилл), немесе 250 г Темекі, немесе 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде жалпы салмағы 250 г-нан аспайтын ассортименте көрсетілген бұйымдар.
2. Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әуе жолағынан өзгеше көлік түрлерімен немесе жаяу тәртіппен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкогольдік ішімдіктерді, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) : 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін – құны 1 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 50 кг аспайды 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды темекі және темекі бұйымдары 200 сигарет, немесе 50 сигар (сигарилл), немесе 250 г Темекі, немесе 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортиментте көрсетілген бұйымдар
3. Тасымалдаушы Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – одақ) кедендік аумағына жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны, жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда): темекі және темекі бұйымдары 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін-құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанын адейін-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы бір жеке тұлғаның атына 1 күнтізбелік ай ішінде 31 кг аспайды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – құны 200 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 31 кг 200 сигареттен, немесе 50 сигардан (сигарилладан), немесе 250 г темекіден, немесе 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде жалпы салмағы 250 г аспайтын ассортиментте көрсетілген бұйымдар.
4. Одақтың кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін-құны 1 000 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды. 2019 жылғы 1 қаңтарданбастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда-құны 500 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 31 кг аспайды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – құны 200 евроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімінің брутто салмағы 31 кг аспайды
5. Алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажда әкелінетін алкогольді сусындар мен сыра 18 жасқа толған бір жеке тұлғаға есептегенде 3 л
6. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде және (немесе) осындай тұлғалардың атына кез келген тәсілмен наградталған ордендер, медальдар, кубоктар түріндегі наградалар құны мен салмағына қарамастан
7. Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін ресми халықаралық спорттық, мәдени, ғылыми - зерттеу, білім беру және өзге де осындай іс – шараларға қатысу үшін Одаққа мүше мемлекеттерде аккредиттелген жеке тұлғалардың спорттық мүкәммалдары, фото және бейне жабдығы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес кәсіби қызметте пайдаланылатын өзге де тауарлар одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде пайдалану үшін қажетті мөлшердегі құны мен салмағына қарамастан
8. Кез келген тәсілмен әкелінетін қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) бар табыттар және мәйіті (күлі) бар сауыттар құны мен салмағына қарамастан
9. Кез келген тәсілмен әкелінетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары құны мен салмағына қарамастан