Жарияланған күні: 26.05.2017 10:32
Өзгертілген күні: 26.05.2017 10:35

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

меншік құқығы негізінде  ҚР-ның аумағында орналасқан ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар сияқты салық салу нысандары бар жеке тұлғалар.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

  1. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері"  атағының иегерлері, ІІІ   дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Отан" орденімен марапатталғандар, «Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар,  жеке тұратын зейнеткерлер - айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері  шегінде;
  2.  Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР  Одағының ордендерімен  және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында  кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген)  және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР  Одағының ордендерімен  және медальдарымен марапатталмаған адамдар - айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;
  3. он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  4.  кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер, тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді қоспағанда, олар бойынша салық базасын  уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған мәлімдеу негізінде салық органдары айқындайды.