Жарияланған күні: 26.11.2019 20:02
Өзгертілген күні: 26.11.2019 20:04
Жою кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей жойылады.
Тауарларды жою деп тауарлар ішінара немесе толығымен жойылатын не өзінің тұтынушылық және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық жағынан тиімді тәсілмен бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес күйге келтіру түсініледі.
Жою кедендік рәсімі мынадай тауарларға тиіс:
1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарға;
2) індеттердің, эпизоотиялардың және карантиндік объектілер таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талап етілетін жағдайдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктерге, олардың бөліктері мен дериваттарына;
3) кепіл қатынастары тоқтатылғанға дейін кеден органдары кепілзат ретінде қабылдаған тауарларға;
4) алып қойылған тауарларға немесе тыйым салынған, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Комиссия осы баптың 2-тармағында көзделгендерге қарағанда, оларға қатысты жою кедендік рәсімі қолданылмайтын өзге де тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
Егер тауарларды жою:
1) қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін болса немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
2) тауарларды әдеттегі мақсатына сәйкес тұтыну арқылы жүргізілсе;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін шығыстарға алып келуі мүмкін болса, жою кедендік рәсімі қолданылмайды.