Жарияланған күні: 25.02.2019 10:44
Өзгертілген күні: 25.02.2019 10:46

     Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Астана – жаңа қала» (АЭА) арнайы экономикалық аймағы аумағындағы кедендік әкімшілендіру бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек устелде» еркін кедендік аймағы кедендік рәсімі (ЕКА) шегінде АЭА резиденттерінің (қатысушыларының) тауарларды кедендік тазарту мен бақылауды жүзеге асыруға қатысты маңызды тақырыптарға жататын мәселелер қарастырылды.

АЭА резиденттерінің өкілдеріне мәлімет үшін ҚР Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің тауарлардың кедендік құнын бақылаған кездегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарындағы құндық ақпараттың қолданылуы бойынша СЭҚ қатысушыларымен түсіндірме жұмыстарын өткізу туралы нұсқауы мәлімделді. Мемлекеттік кірістер органдары үшін кедендік құнын бақылау бойынша сұрақ маңызды болып табылады және сол мәселеге қатысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, құндық ақпаратқа қатысты жүйе жасалуда. Осыған байланысты АЭА қатысушыларына декларацияда импортталған тауарларға себепсіз төмендетілген құнын көрсету болмайды. Егер сұрақтар туындаған кезде, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары ҚР ҚМ МКК ресми сайтында жарияланған: «https://kgd.gov.kz» сілтемесіне кіріп құндық ақпарат бойынша мәліметті қарауға мүмкіндіктері бар.

«Дөңгелек үстелдің» келесі тақырыбы шегінде, мемлекеттік кірістер органдарына АЭА қатысушыларының еркін кедендік аймақ кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі әрекетінің аяқталуы туралы Актісінің тапсырылуы туралы сұрақтар қарастырылды.

Аталған тақырып бойынша АЭА резиденттерінің өкілдеріне кедендік және басқа да заңнамаларының нормалары көрсетілген түсіндірме жұмысы өткізілді.

Сонымен қоса, тапсыру мерзімдері 6 айдан бастап 1,5 жылға дейін созылған ЕКА кедендік рәсімі әрекетінің аяқталуы туралы Актісінің, салынған АЭА объектісінің пайдаланып алынуы туралы Актісіне қол қойылғаннан кейін ғана тапсырылғаны туралы мәлімделінді. Сонымен қатар, ЕКА кедендік рәсіміне тауарларды орналастырылған тұлға резидент мәртебесін жоғалтқаннан кейін, ЕКА кедедндік рәсімінің әрекеті АЭА қызметі тоқтатылған кезде немесе ЕКА кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешімі шығарылғаннан кейін, кедендік заңнамасының нормаларына сәйкес 6 (алты) ай мерзімі ішінде жойылады. АЭА резиденттерімен аталған талаптар орындалмаған жағдайда, ЕКА кедендік рәсімін мәжбүрлеп тоқтату туралы шаралар қолданылады.

Дөңгелек үстел қатысушыларына тақырыпты талқылаған кезде, ЕКА кедендік рәсіміне қатысты нормалар мен жағдайлар кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 312-IV Заңына сәйкес мәлімделген. Әсіресе оның ішінде:

                АЭА аумағы кеден одағының (ЕАЭО) кедендік аумағының бөлігі болып табылады;

еркін кедендік аймағы кедендік рәсімі қолданылатын және сол рәсімге орналастырылған, АЭА аумағына әкелінген тауарлар, кедендік баж бен салықтарды қолдану, сонымен қоса тарифтік емес реттеу шараларын қолдану үшін, кеден одағының (ЕАЭО) тыс аумағында орналасқан тауарлар ретінде қарастырылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР кодексінің 389 бабы 1 тармағына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады. Осы баптың мақсаттары үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп түсініледі.

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап оларға қосылған құн салығы салуға жатады.

            Өткізілген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша, АЭА резиденттерінің өкілдерімен ерекше жеңілдетілген жағдайларды құқықтыққа сәйкес қолдану, кеден, салық және тағы басқа да заңнамаларының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша міндеттемелері, тауарларға дұрыс есеп жүргізу, ЕКА (кедендік баждар, салықтар мен ҚҚС-н нөлдік мөлшерлеме бойынша босату және т.б.) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың қолданылуы туралы сенімді мәліметтердің тапсырылуы көңілге алынған.