Жарияланған күні: 09.11.2017 16:22
Өзгертілген күні: 09.11.2017 16:23

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша Заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында, 08.11.2017 жылы Астана қаласы өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының алаңында шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің бөлім басшысы Уагизов Нұрлан Алтынбекұлы құқық қорғау қызметінде қылмыстық процестің өзге де аспектілерін жетілдіруде мемлекет жүргізіп отырған реформалардың негізгі бағыттарын сипаттап берді.

Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, 2010 жылдан 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру мақсатында қайта қаралған болатын. Тұжырымдама кіріспесінде жаңа институттардың негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті дамуына одан әрі дамытуға бағытталған, қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау көздеген.

2014 жылғы шілдедегі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінің және екі жылдан аса іс-тәжірибесін қабылдау (1 қаңтар 2015 ж.) олардың қолданылуы басталған реформалардың дұрыстығын растады.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің жаңа тәртібі заңсыз айыптау мен соттаудан қорғауды, азаматтың құқығы мен бостандығын заңсыз шектеуден қорғауды мүлтіксіз қамтамасыз етуге, заңсыз айыптап немесе кінасыз соттаған жағдайда кідірсіз, толық ақтауға бағытталған. Сондай-ақ, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстардың алдын алу, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыру дамыту, қылмыстық процесте айыпталушы мен қорғаушы тарапының жарыспалылық принципін дамытуға бағытталған.

Заң жобасының негізгі басымдықтары:

Қылмыстық процесте адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру.

Адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыру.

Тергеу рәсімдерін оңайлату және процестің үнемділігін қамтамасыз ету.

Сотқа дейінгі сатыға  сот бақылауын одан әрі кеңейту.

Сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу және қайталануды болдырмау.