2017 жылдың 15 қаңтарында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы мен «Центральный Дом Бухгалтера» ЖШС-нің кәсіби салық кеңесшілері мен ынтымақтастықта «Салық кодексінің ережелерін түсіндіру» тақырыбында семинар өткізді.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Ж. Тасмағанбетов құттықтау сөзбен іс-шараның маңызды екеніне тоқталды. Өз сөзінде, астананың бизнес климатын жақсартуға бағытталған, кәсіпкерлерге көмек көрсету ретінде жасалған іс-шара екенін айтып өтті.
Семинар барысында негізігі 2017 жылдан бастап Салық кодексіндегі күшіне енген өзгерістер мен электронды түрде шот-фактураларды жазып беретін салық төлеушілер санаты бойынша құжат айналымы, сондай-ақ ҚҚС бойынша есептен шығару және қою тәртібін белгілейтін өзгерістерге байланысты, 2017 жылдың 27 ақпанындағы №49-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясындағы мәселелер тақыланды.
Іс-шарада өзекті тақырыптарға қатысты шетелдік қаржыландыруды бақылау, аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салық төлеушілердің жекелеген санаттарының қызметін тоқтатуы, міндетті түрде электрондық шот-фактуралар тәртібі бойынша нормалары түсіндірілді, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режимдеріне есеп беру және ұсыну бойынша, өндірістік емес төлемдерге байланысты сұрақтар қаралды.
Кәсіби бухгалтер «Центральный Дом Бухгалтера» ЖШС-нің маманы, экономика ғылымдарының магистрі А.С. Бекболсынов 2016 жылға КТС салық есептілігін СЕН 100.00, 240.00 нысандарын толтыру бойынша егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бұл іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты, барлық қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті