Жарияланған күні: 13.07.2016 11:32
Өзгертілген күні: 13.07.2016 11:33

 

2016 жылы 8 – шілде күні Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Бизнес және қаржы қауымдастығының" ЖШС-мен біріккен кезекті семинар өткізілді.

Семинар ИС «Параграф» және ҚР кәсіби есепшілер Палатасының серіктестестігімен өткізілгендігін атап айту керек.

Салықтөлеушілер жақсы жұмыс істеу үшін, жаңа және толыққанды ақпарат алу керек. Осыған орай ең өзекті семинар тақырыптары алынды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген электронды шот-фактура (ЭШФ); 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодекісінің өзгертулері мен қосымшалары; жалпылама декларациялау және мүлікті заңдастыру тақырыптары.

2016 жылдың 11 қаңтарында Қазақстанның ДСҰ – ға мүше болғаны белгілі,  сол себепті НДС төлеушілер немесе төлемейтін барлық тәуелсіз өкілдер сатуды жүзеге асырған кезде электронды шот-фактура талап етуге міндетті немесе ҚР тауарды импорттауды жүзеге асыру кезінде  және 2015 жылы 14 қазанда қабылданған Еуразия экономикалық кеңесінің №59 шешімімен нақты алынып тасталған тауарлар тізімінің ҚР-да аумағында тауарлардың жүзеге асуы.

ЭШФ беруде талаптарды орындамаған үшін штрафты санкциялар қарастырылған: минимальды 42 мыңнан 85 мың тенге аралығында, максимальды бизнес субъектісінің категориясына байланысты НДС соммасаның -50 % алынады.

Түсіндіру жұмысын басқару  Департамент бөлімінің басшысы Қалиева Мадина Ермұхаметқызы 2016 жылдың 1 маусымында салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен 2017 жылдың салық кодексіндегі ережемен қатысушыларды таныстырды.

Мемлекеттік қызмет көрсету Басқармасының төлем бөлімінің басшысы Сұлтан Диас мүлікті және капиталды заңдастыру сұрақтар және жалпылама декларация бойынша жауап берді.

2017 жылдың 1 қаңтарында «Бухгалтер» мамандығына қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер бойынша «Бизнес және финанс қауымдастығының» ЖШС директоры Прокопьева Юлия Игоревна  сөз сөйледі. 2017 жылдың 1 қаңтарында  бухгалтерлердің әрқайсысына кәсіби білікті бухгалтер сертификаты болу керектігін ерекше атап өтті.

Баяндамашылар сөздерінен кейін, семинар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың көп бөлігі электрондың шот-фактура қолдануына байланысты болды.