Жарияланған күні: 08.12.2017 17:53
Өзгертілген күні: 08.12.2017 17:54

Қазақстан Республикасында тіркелген меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу боъектілері бар заңды тұлғалар,олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілген адамдар, КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 20 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағы ордендерімен және медальдармен, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалисттік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Epi», атақтарына ие болғандар, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағы, «Алтын алқа», «Күмiс алқа», алқаларымен наградталған көп балалы аналар автокөлік құралы салығын төлеуден босатылады.

Салық кодексінің 368 бабы 3 тармағы қолданыстан алынып тасталды. Автокөлік құралын сату- сатып алу кезінде тараптар көлік құралының салық кезеңіне салықтық міндеттемелерін өздері орындайды.

Жеке тұлғалар көлік құралдарының салығының сомаларын салық кезеңінің 31 желтоқсан кешіктірмей көлік құралының тіркелген жері емес, тұрғылықты жері бойынша төлейді.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы